
25.01.2026 жыл
Рысқұлов ауылдық округінде ауыл әкімі Е.Қалысбаевтың бақылауымен Рысқұлов ауылында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауыл ішіндегі жолдар мен маңызды нысандарға апаратын бағыттар арнайы техникалардың көмегімен тазартылып жатыр. Жұмыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ауыл тұрғындарынан сабырлық танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз.