29.10.2025 ж.
Рысқұлов ауылдық округі Мәдениет үйі
«Ұмыт болған – ұлт қазынасы» атты рухани-мәдени концерттік іс-шара өтті. Бұл шара — ұлттың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі мен өнерін қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев ,Меркі ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы,
Билер кеңесінің төрағасы,
Аналар кеңесінің төрайымы
Аудандағы 14 ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен аналар кеңесінің төрайымдары қатысып жылы лебіздерін білдірді.
Концерт барысында ұлттық әндер шырқалып, көне күйлер күмбірлеп, өнерпаздар Алғыс хатымен марапатталды.
Халқымыздың баға жетпес қазынасына айналған асыл мұрамыз — ұлттық өнерімізді бірге ұлықтайық.