
2025 жылдың 24 желтоқсаны күні Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е.Қалысбаев кітапхана меңгерушісі болып ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, зейнеткерлік демалысқа шыққан Айтаева Роза Жұматайқызын арнайы құттықтап, алғысын білдірді.
Көп жылғы еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін ризашылық білдіріліп, жылы лебіздер айтылды. Р.Айтаеваға денсаулық, амандық және зейнет жасының әр күні қуанышқа толы болуын тілейміз!