Жасыл Белдеу: Рысқұловта шырша егу акциясы

Жасыл Белдеу: Рысқұловта шырша егу акциясы

Жасыл Белдеу экологиялық акциясы аясында, 11 қараша 2025 жылы, Рысқұлов ауылдық округінде ауыл әкімі Е. Қалысбаевтың бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен шырша көшеттері егілді. 

Акцияның мақсаты – ауылды көгалдандырып, экологиялық мәдениетті арттыру. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен жастар белсене қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.