10.11.2025 жылы Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаевтың төрағалығымен және қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен округтің учаскелік инспекторы мен мектеп инспекторы 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін ұсынды.
Жиын барысында округ аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жағдайы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың азаюына бағытталған шаралар және жасөспірімдер арасындағы тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, азаматтар тарапынан түскен сұрақтар мен ұсыныстар қарастырылып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Осындай кездесулер қоғам мен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған шараларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.