Ауданымызда ауыл бизнесін дамыту мақсатында оқу әдістемелік орталығы құрылды. Құлпынай өсіру, таңқурай (малина) жеміс көшеттерін өсіру, мал бордақылау, сүтті бағыттағы ірі қара өсіру, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы (эко чикен) тақырыптарын қамтиды және бизнесті сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қолдаулар (төмен пайызбен несие алу жолдары) туралы арнайы мамандар оқыту түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Аталған оқу семинары күнделікті сағат 10:00 де Меркі ауылы, Карцаг көшесі 17 үй (ДОСААФ) мекенжайында өтеді. Оқу уақыты 5 күн, тегін түрде, нақты бизнес түрімен айналысқан жағдайда, арнайы мамандар үйретеді.
Қосымша оқу бойынша ақпарат Ойтал ауылдық округінің әкімшілігіне қайырылсаңыздар болады.