Сәлемдесу –кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі.Білім алушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылылыққа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйрету, мәдениеттілікті бойларына сіңіру, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні мектебімізде «Сәлемдесу –тәрбиенің бастауы» атты 2024 жылдың 23 қаңтары мен 23 ақпаны аралығында өтетін айлық акциясы басталды. Осы орайда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева білім алушылармен жиын өткізіп, акцияның айлық жоспарымен таныстырды.Жиын соңында мектеп психологтары- Н.Исаева мен А.Назаралиева білім алушыларды толықтай акцияға жұмылдырып, тұлға бойында сәлемдесу мәдениетін қалыптастыру, мектеп ұстаздарымен, сыныптастарымен, отбасы мүшелерімен, бауырларымен жылы мейіріммен амандасуға тәрбиелеу үшін «Қуана біл, шаттана!», «Сәлемдесу түрлері» жаттығуларын жүргізді.