Андас батыр ауылдық огругінде ауылдық округ бас маманы, ӘТО инспекторы Серикбаева Махаббаттың және ауылдық кітапханашысы Бердибаева Ляззаттың ұйымдастырумен Кеңес әскерлері Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауған соғысы: Отқа оралған 10 жыл» атты шешілмеген құпиялар кеші өткізілді

Андас батыр ауылдық огругінде ауылдық округ бас маманы, ӘТО инспекторы Серикбаева Махаббаттың және ауылдық кітапханашысы Бердибаева Ляззаттың ұйымдастырумен Кеңес әскерлері Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауған соғысы: Отқа оралған 10 жыл» атты шешілмеген құпиялар кеші өткізілді.Мақсаты: Отанды сүюге, құрметтеуге, Ауған соғысының ардагерлеріне әрдайым құрмет көрсетуге тәрбиелеу, патриоттық құндылықтарын шыңдауға дағдыландыру.Жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің игі мақсаттарының бірі. Бұл кездесу Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тазғым етуге, ол кісілердің есімдерін қастерлеуге, білімгерлерді патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етуге тәрбиелеуге бағытталды . Кездесуге Андас батыр ауылымыздың құрметті тұрғындары, Ауған ұрыс даласына түскен ардақты жауынгер ағаларымыз шақырылды:
1.Кабылбеков Хасен;
2. Бажанов Сергей;
3.Селимов Мажилис;
4.Едилов Ораз;
5.Қарабатыров Рахат;
6. Сорока Владимир;
7.Кудинов Анатолий
Андас батыр ауылдық округінің әкімі: Султаналиев Нурбол Анарбекұлы, ауылдық округ қызметкерлері. Кездесу барысында Ауған соғыс кезінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жауынгер ағаларға Құрмет көрсетіліп, жылы лебіз білдіріп естелік сыйлықтар тапсырылды.
Кездесу барысында кітапханашы Ауған соғысында ерлігімен танылған қазақстандық жауынгерлер жайында мағлұматталды.