23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні. Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Мерекеге орай
-Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?
-Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
- Мұратбек Татарбекұлы, мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері ел үшін қызмет етіп келесіз. Осы орайда, еңбек жолыңызды қалай бастағаныңыз жайлы білгіміз келеді.
-Мен еңбек жолымды
15.07.1988-02.09.1988 ж.ж. жұмысшы, Созақ ауданы, Құмкент өндірістік коперативі. 08.09.1988-01.01.1992 ж.ж. |
комсомол ұйымының хатшысы, Созақ ауданы «Құмкент» совхозы. 02.02.1992-28.04.1993 ж.ж. клуб меңгерушісі, |
Құмкент совхозында, Созақ ауданы ОҚО. 15.08.1993-31.12.1996 ж.ж. музыка пәні мұғалімі, Созақ аудандық білім |
бөлімі Қ.Сатбаев атындағы орта мектебі, Созақ ауданы ОҚО. 11.01.1997-16.07.2003 ж.ж. прораб, Созақ ауданы |
«Құмкент» өндірістік кооперативі, Созақ ауданы ОҚО. 14.08.2003-10.12.2004 ж.ж. прораб, «ЕДІЛ-СК» ЖШС-де. |
18.03.2005- дәл қазіргі уақытқа дейін бас маман, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы,Тараз қаласы. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы |
келемін.
- Сонда мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліңіз қанша?
-Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағаныма 25 жыл болды.
- Мемлекеттіқ қызметшілердің жұмысы қиын ба?
- Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапалы болуына, әлеуметтік және экономикалық жаңашылдыққа, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мүдделі екені белгілі. Бұл ретте қиындықтармен қатар, осы саланың ерекшелігі де бар. Мемлекеттік қызметкердің ең бірінші қасиеті- жауапкершілік жүгін терең сезіне білуі. Мен Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратында жұмыс жасай жүре осыған жете мән бердім. Қай істе болмасын, өзіме артылған жауапкершілік жүгін абыроймен арқалап, сенім үдесінен шығуға тырыстым. Әр келген азаматтардың өтініші мен ұсынысына сергек қарадық. Жалпы мемлекеттік қызметші жан-жақты болуы тиіс. Кенттің әлеуметтік -экономикалық дамуына атсалысатын мемлекеттік қызметші жұмысы әсте оңай емес. Алайда осындай мәртебелі маман екеніңді сезіну, елге қызмет етіп жүрмін деген сезім әркез қанат бітіреді.
-Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Қалай ойлайсыз, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы қандай болуы керек? Осы туралы айтып өтсеңіз.
-Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер. Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек. Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Менің ұстанымым бойынша мемлекеттік қызметкердің мінезі кішіпейіл, қарапайым, көпшілікпен тіл табысқыш жұғымды, ұстамды, сабырлы болуы керек. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болу - парызымыз. Мемлекеттік қызмет - қоғам айнасы. Мемлекеттік қызметшінің халыққа жақын болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, өзекті мәселені шешу – біздің парызымыз.
- Жас мемлекеттік қызметшілерге қандай тілек айтасыз?
- Жас мемлекеттік қызметшілер білімі терең, үлкен жауапкершілікте және төзімді болуы керек деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтау, үйрену, іздену - мұрат. Жас мемлекеттік қызметшілерге осындай қасиеттерді бойға ұялатуға және жоғарыда айтып кеткен мінез-құлықтарға жетуге ұмтылыңдар демекпін. Халыққа қызмет етемін деп құлшынуы, жұмысына адал болуы, жауапкершілік танытуы қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болуы тиіс.Демек, адамдар арасында осы қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптастыруы қажет.
Айта кетсек, Мұратбек Татарбекұлы Басқармада 15 жас мемлекеттік қызметшілерге тәлімгер болып, Ұстаздан шәкірт озат демекші сол шәкірттер қазіргі таңда әрбір мекемеде түрлі қызметтерді атқарады.