Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Басқарма басшысы Қ.Бисембаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде Басқарма қызметкерлерінің атқарған жұмыстары туралы, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хаттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімдері, еңбек және орындаушылық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері қаралды.
Кеңесте басқарманың қызметкерлері қаңтар айында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша Басқарма басшысы тарапынан хаттамалық тапсырмалар берілді.