Жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

Жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында қызметкерлердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның алдын алу, Басқармада жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері талқыланды.

Сонымен қатар, жиында Басқарма басшысының м.а. қызметкерлерге лауазымдық міндеттерді атқаруда, жұмыста және одан тыс уақыттарда сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін ескертті.