Бүгінгі жиын Қордай ауданынан басталды. Ауданда 30 бюджеттік және 9 жекеменшік құрылыс нысандарының жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс сапасын талқылау мақсатында және 2023 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша ұйымдастырылған жиналысқа Басқарма басшысы Қ.Бисембаев, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Оңласынұлы Сахатов, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы С.Сатымбеков пен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы А. Жапарқұлов қатысты. Құрылыс нысандарының тапсырыс берушілерімен, мердігерлерімен, техникалық және авторлық қадағалаушыларымен болған жиын барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, бірқатар мәселелер талқыланды.