Бүгінде, Шу ауданында 21 бюджеттік және 8 жекеменшік құрылыс нысандарының жұмыстары жүргізілуде. Осы нысандардағы құрылыс сапасын талқылау мақсатында облыс басшылығымен келісілген алгоритмге сәйкес, 2023 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша 2023 жылдың 19 шңлдесінде жиналыс өтті. Жиынға Басқарма басшысы Қ.Бисембаев, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы С.Сатымбеков пен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы А. Жапарқұлов және құрылыс нысандарының тапсырыс берушілері, мердігерлері техникалық және авторлық қадағалаушылары қатысты. Жиын барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиынның жемісті өтуін ұйымдастырып, төрағалық еткен Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековке ерекше ризашылығымызды білдіреміз!