Облыс басшылығымен келісілген алгоритмге сәйкес, 2023 жылдың 2 тоқсанының , сонымен қатар, 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Мойынқұм ауданында құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы жиналыс өткізілді. Бүгінде ауданда 6 бюджеттік және 14 жекеменшік құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жиынға сол нысандардың тапсырыс берушілері, мердігерлері техникалық және авторлық қадағалаушылары қатысты. Жиын қорытындысы бойынша сұрақ-жауаптар болды және бірқатар мәселелер талқыланды.