Мақала

Мақала
Құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды 23-маусым Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын.
Еліміздің тәуелсіздік алғалы бері мемлекеттік қызмет тұрақты түрде дамып, халыққа деген қызмет көрсету процесстері оңтайлануда.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң қабылданып, қолданысқа енді. Онда меритократия принциптері, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі, құқықтары, міндеттері және тағы басқа өзекті мәселелер қаралды.
Мемлекеттік қызметкер қоғам алдындағы өзінің жауаптылығын сезіне отырып, адал әрі шынайы қызмет атқаруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды басты міндеті деп білген жөн.
Бұл бағытта жұмыс атқаруда Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыда тыс қалмады.
Қазіргі таңда, кәсіпкерлік субъектілеріне жағдай жасау мақсатында бақылау-қадағалау нысаны оңтайландырылды.
Жоспардан тыс тексерулер тұрғындардан түскен арыз-шағымдар, мемлекеттік органдардың хаттары негізінде жүргізілуде. тексеру тағайындау актісі облыстық құқық статистика және арнайы есепке алу басқармасында міндетті тіркеуден өтуде.
Құрылыс процессі электронды форматқа сатылап өтуде.
Бүгінгі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама, пайдалануға қабылдау актісі, техникалық қадағалаушылардың ай сайынғы есептері электронды базалар арқылы тіркеледі.
Аталған жұмыстар құрылыс нысанын қашықтықтан қадағалау жүргізуге септігін тигізуде.
Одан бөлек, Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай автоматандырылды. Қызметтерді көрсету мерзімі қысқарып, құрылыс жұмыстарына лицензия алу 5 жұмыс күнін, сарапшыларды аттестаттау 15 жұмыс күнін құрап, қызмет алушыларға барынша қолайлы орта қалыптастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік қызметтердің ашық әрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жүргізілуде.
Басқарма тарапынан тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіліп тұрады. Нәтижесі бойынша талдамалық анықтама әзірленеді.
Өздеріңізге мәлім, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді. Бұл кодекс мемлекет пен азамат (ұйым) арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу бойынша әкімшілік рәсімдерге және арнайы сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осы кодекс аясында «Еөтініш» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізіліп, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға кез келген сауалмен электронды түрде қалаған жерінен өтініш білдіруге мүмкіндік берді.
Басқарма тарапынан "Еөтініш" ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштерге уақытылы әрі сапалы, әр өтініш иесін тыңдай отырып, әкімшілік рәсімдер жүргізілуде, жауаптар берілуде.
Жалпы алғанда, жоғарыдағы оң өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты орнатуда өз септігін тигізуде. Азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруда