Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

2021 жылдың 20 мамырында Тараз қаласында соғылып жатқан мектептердің (№16, №22, №2) құрылысы мен 15 мөлтек ауданында жаңадан құрылысы жүріп жатқан үйлер, инженерлік желілерімен абаттандыру құрылыстарына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұ.Жазылбек бастаған жұмысшы топ мониторинг жұмыстарын жүргізіп, құрылыс нысандарында туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды.

Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарын сапалы орындау және кемшіліктерді дер кезінде алдын алу бойынша жауапты тұлғаларға ескертілді.