Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілді

Ағымдағы жылдың 12-13 мамыры аралығында Басқарма мамандарымен Қордай ауданындағы орта мектептер құрылысының барысына мониторинг жүргізу мақсатында тапсырыс беруші тарапынан аудан әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен нысандарға барды.

Мониторинг Қордай аудандық прокуратурасының орта мектеп құрылысын қадағалау нәтижесі бойынша Ұсынысының негізінде жүргізілді.

Мониторингке Масаншы, Қалғұты және Күнбатыс ауылдарындағы орта мектептердің құрылысы қамтылды.

Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарын жобаға сай және сапалы жүргізу, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құрылысқа жауапты тұлғаларға ескертілді.