БЖЗҚ бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек

БЖЗҚ  бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дамыған өңірлік желілері бар. Алайда Қазақстан аумағының кең байтақ екендігіне байланысты әрбір шалғай ауданда немесе елді мекенде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерін ашу мүмкін емес. Сондықтан осы мәселені шешу үшін  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  «Мобильді кеңсе» жобасының жұмыс істеп келе жатқанына биыл міне, үшінші жыл. «Мобильді кеңсе» – салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде  жерсеріктік байланыс құралдарымен жабдықталған заманауи шағын автобус.

Шалғайдағы елді мекен тұрғындары БЖЗҚ бөлімшелерінде көрсетілетін барлық қызметтерді «Мобильді кеңсе» арқылы ала алады. Атап айтқанда, жұртшылық шоттан үзінді көшірме алуға немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашып, ақпараттандыру тәсілін өзгерте алады және т.б.

Қазіргі уақытта «Мобильді кеңсе» Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы  шалғай елді мекендерге қызмет көрсетуде.

БЖЗҚ 2021 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының шалғайдағы елді мекендерін жылжымалы кеңселермен қамтыды.

«Мобильді кеңсенің»  шалғай аудандарға сапары жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіледі. Олар өз кезегінде тұрғындарды «Мобильді кеңсенің» келетіндігі туралы хабардар етеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).