Аймақта 680 құрылыс нысаны бой көтеріп жатыр

Аймақта 680 құрылыс нысаны бой көтеріп жатыр

2025 жылы Жамбыл облысы аумағында барлығы 680 құрылыс нысанының жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде 235 нысан мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатыр, оның 123-і – 2024 жылдан өтпелі жобалар, ал 112-сі – жаңа басталған құрылыс нысандары. Қалған 463 жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асуда.
Салыстыру үшін, 2024 жылы облыс бойынша 668 нысанның құрылысы туралы хабарлама тіркелген, оның 220-сы мемлекеттік, 448-і жеке меншік болған. Бұл көрсеткіш биыл өңірдегі құрылыс көлемінің артқанын аңғартады.