Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды

Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды

Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды.
Яғни,осыған дейін дизель отынын қолданатын шаруалардан жанар-жағар майға қажеттілік туралы өтінім қағаз жүзінде жиналса, ағымдағы жылы электронды түрде алынатын болады,-деп хабарлайды Nagty.kz желілік басылымы.
Жаңа функционал субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялауының арқасында жүзеге асырылды.
Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы автоматтандырылған процесс "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ деректері негізінде алқаптар картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін аgroopen.kz порталында көрсетіліп отырылады.
Сонымен қатар, Gosagro.kz-те субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды бұғаттау функционалы іске асырылған.
Яғни,бұрын бір субъектінің бір маусымда бірнеше рет субсидияланып кету мүмкін болса,жаңа жүйеде бұл мүмкіндік мүлде алынып тасталды. Қазірдің өзінде ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер ЖЖМ-ға пилоттық режимде өтінім бере алады өтінім беруші алдымен Gosagro.kz сайтына кіріп,тіркелу қажет.
Шаруашылық жайлы барлық ақпарат көрсеткенен кейін портал өзі автоматты түрде кәсіпорынға қаншама дизель отыны керек екенін көрсетіп өтінім береді.
Өтінімдер 2023 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Айта кетейік,биыл ауданымызға ақпан мен мамыр айларының аралығына 202 теңгеден 680 тонна дизель отыны бөлінген болатын.