Тұрғын үй құрылысы 2024-2025жж.

Тұрғын үй құрылысы 2024-2025жж.

Тұрғын үй құрылысы 2024-2025жж.

Халықты баспанамен қамтуда жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келеді.

Кезектегі тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылуда.

2024 жылдың қортындысымен облыс аумағында 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2023 жылмен салыстырғанда 104,5%-ға артты.

Кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджетен жалпы 40,8 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 2 830 баспананалы болды. Оның ішінде 1 819-ы әлеуметтік осал топтағыларға.

Атап айтсақ, 2024 жылы бюджет қаражаты есебінен 17,5 млрд. теңгеге 3 709 пәтерлі 78 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 1 159 пәтерлі 26 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға барлығы 23,2 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 1 671 пәтер сатып алынды. Оның ішінде 1 301 пәтер жекешелендіру құқығымен.

Былтырғы жылмен салыстырғанда сатып алынған пәтер
2 есеге (2023ж – 864 пәтер, 2024ж - 1671 пәтер), артты.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы маслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешімімен бекітілген бағдарлама аясында белгіленген санаттарға бастапқы жарнасы 10% болатын 1,5 млн. теңгеге дейін тұрғын үй сертификатына 300,0 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Жыл қортындысымен 304 азаматқа 299,5 теңгеге тұрғын үй сертификаты беріліп, баспаналы болуына қолдау көрсетілді (2023 жылы 200,0 млн. теңгеге 198 азамат).

Жеке меншік инвестиция есебінен 1 547 пәтерлі 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды (2023ж. – 848 пәтерлі 18 үй).

2025 жылдың қортындысымен облыс аумағында 765 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.

Кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен 11,8 млрд.тг. 2024 жылдан өтпелі 2 550 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіп, әлеуметтік баспанмен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде, Тараз қаласындағы «Әулие Ата» (14 мөлтек аудан) жаңа шағын ауданында (автобекет маңындағы) 2024 жылы құрылысы бастау алған 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы ағымдығы жылы аяқталады.

Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін 7,7 млрд. тг. өтінім ұсынылды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға Республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады.