Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс бойынша 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда.

Жаңа мектептердің құрылыстары есебінен үш ауысымда оқытылатын және оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешіледі.
Анықтама үшін:
Тараз қаласы бойынша 4 мектеп (Шөлдала алқабындағы 600 орындық, №13 мөлтек ауданындағы 1200 орындық, №15 мөлтек ауданындағы 1200 және 2000 орындық мектептер құрылысы).
Байзақ ауданы бойынша 1 мектеп (Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептер құрылысы);
Жамбыл ауданы бойынша 1 мектеп (Шайқорық ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы);
Қордай ауданы бойынша 3 мектеп (Қарасу ауылындағы 300 орындық, Қаракемер ауылындағы 300 орындық, Қордай ауылындағы 900 орындық мектептер құрылысы);
Меркі ауданы бойынша 1 мектеп (Меркі ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы);
Шу ауданы бойынша 2 мектеп (Шу қаласы мен Төле би ауылының аралығындағы 600 орындық, Шу қаласындағы 600 орындық мектептер құрылысы (Тоғай алқабы));
Жоспарға сәйкес 2023 жылы 7 мектептің (Тараз қаласы – 4, Байзақ ауданы - 1, Қордай ауданы - 2,), 2024 жылы 5 мектептің (Жамбыл ауданы - 1, Қордай ауданы - 1, Меркі ауданы - 1, Шу ауданы - 2) құрылысы басталады.