Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды.

Жастарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

Іріктеуге қатысуға өтінім берудің аяқталуына 5 күн қалды. Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:

1) жоғары білім туралы диплом;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

3) В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ бойынша жарамды сертификат.

Тіркелу және өтінімді беру барысында сұрақтар туындаған жағдайда үміткер 24/7 жұмыс жасайтын pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo сайт немесе +7708 096 70 70 нөмір бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.