Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының 2022 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының 2022 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі

2022 жылы құрылыс басқармасы арқылы сметалық құны 196,1 млрд. теңге құрайтын 249 жобаға бюджеттен 85,8 млрд. теңге бөлініп, құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 113 нысанда құрылысы аяқталып, 136 нысан 2023 жылға өтпелі.

Оның ішінде:

Білім саласында 28 нысан (17 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны -15 нысан.

Денсаулық саласы 27 нысан (9 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны -17 нысан.

Спорт саласы 19 нысан (6 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны -4 нысан.

Мәдениет саласы 12 нысан (1 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны -1 нысан.

Әлеуметтік саласы 2 нысан (1 нысан 2021жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны – жоқ.

Тұрғын үй 68 нысан (27 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны -34 нысан.

ИКИ 78 нысан (17 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны - 34 нысан.

Ауыл шаруашылық саласы 4 нысан (2 нысан 2021 жылдан өтпелі).

Тапсырылғаны – жоқ.

Ішкі істер органдары/төтенше жағдай 10 нысан (1 нысан 2021 ж өтпелі).

Тапсырылғаны -7 нысан.

Төтенше жағдай нысанын қалпына келтіру 1 нысан (Нұр Отан ғимараты).

Тапсырылғаны -1 нысан

 

Аталған жобалардың 146 нысаны (33,3 млрд.тг) «Нұрлы жер», 45-і «Ауыл – Ел бесігі» (6,2 млрд.тг), 33-і «Өңірлерді дамыту» (15,6 млрд.тг), 3 нысан құрылысы Үкімет резервінен (23,4 млрд.тг) және 22-і білім беру субвенциялары (7,3 млрд.тг) есебінен қаржыландырылды.

2022 жылы құрылыс саласына 227,7 млрд. тенгеге инвестиция салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі – 101,0%-ға орындалды (2021ж. 217,9 млрд. – 114,1%).

Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 693,5 мың.шм жеткізіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға асыра орындалды. Оның ішінде: 146,6 мың шм – 21,1% бюджет қаражаты, 546,9 мың шм – 78,7% жеке инвестиция есебінен.

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жоба шеңберінде құны 24,6 млрд.теңгеге 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2 260 пәтерлі  34 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды (680 пәтерлі 11 арендалық, 1 580 пәтерлі 23 кредиттік).

         2022 жылы 9,2 млрд. теңге құрайтын 20 алқапта 33 жобаның құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 27 нысанның құрылсы аяқталды. Нәтижесінде, 3198 жер телімдері кезекте тұрғандарға таратуға дайын болды.