«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларын түсіндіру бойынша Сұлутөр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

        2025 жылдың 05 мамырында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сұлутөр ауылдық мәдениет үйінде және Көктөбе ауылының клубында тұрғындармен кездесу өткізіп, Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат берді.

         Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат берді.

     Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауы жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс.

      Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне тіркелген кандидаттардың есімдері, сондай-ақ «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілгені туралы айтылды.

       Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

     Сонымен қатар, Қордай аудандық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Э.Күмекбай Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы I тоқсанға атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат берді.

      Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Сұлутөр ауылдық округінің тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы