Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкіміне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдермен сайлау алдындағы үгіт жүргізу мәселесі бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы

         2025жылғы28 сәуірде Қордай ауданыСұлутөр ауылдық округі әкіміне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдермен сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша Қордайаудандықсайлаукомиссиясыкеңейтілгенотырыс өткізді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 36 баптарына түсініктеме берді.

Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс.

Отырыста,  мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні атап өтілді.

Кандидаттар 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімінің сайлауында жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын ауылдық округ әкіміне кандидаттың шығыстарының мөлшерімен танысты. Кандидаттарға үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі туралы түсініктемелер берілді.

Отырыс барысында кандидаттардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді, сондай-ақ үгіт кезеңінде және сайлау күні сенімді өкілдердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы