Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың Қордай ауданына жұмыс сапары

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың Қордай ауданына жұмыс сапары

2024 жылы 28 наурызда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Ө.Айдапкелов және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Ә.А.Боранбаев 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға дайындық барысы бойынша сайлауға тартылған сайлау учаскелерін аралап, сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп көрді.

Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесіп, сайлау бостандығының, сайлау заңнамасындағы құқықтық жауапкершілік туралы, сайлау күні сенімді өкілдер, байқаушылар мен БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізу, комиссия мүшелерінің атқарылатын жұмысы және дауыстарды санау тәртібі бойынша толығырақ түсініктеме беріп, кездесудің соныңда учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне алдағы сайлауда сәттілік тіледі.