«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру бойынша Қордай және Масаншы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру бойынша Қордай және Масаншы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу

2024 жылғы 11 наурызда Қордай ауылында және 2024 жылғы 13 наурызда Масанчи ауылында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Қордай аудандық мәслихаты депутатының кезектен тыс сайлауы бірінші рет өткізіліп отырғандықтан, тұрғындарға №2 және №9 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына Қордай аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу барысы туралы ақпарат берілді.

2024 жылдың 15 наурызынан бастап сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға танысу үшін ұсынылады. Яғни, әрбір сайлаушы сайлау учаскесіне барып, тізіммен танысып, деректердің дұрыстығын тексере алады.

Қордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс. №2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне тіркелген кандидаттардың есімдері, сондай-ақ «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген.

Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев №2 және №9 сайлау округтерінің шекарасы шегінде тұратын Қордай және Масаншы ауылдық округтерінің тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

Кездесу соңында Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А. Сырлыбаев Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл мен бірлесіп Масаншы ауылының №222 және №223 учаскелік сайлау комиссияларының дайындығын, материалдық-техникалық жарақтандырылуын және сайлаушылар тізімімен жұмысты тексеріп, көрді. Тексеру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкіміне және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне тиісті тапсырмалар берілді.

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы