Қордай аудандық мәслихатының №2 және №9 бірмандаттық сайлау округтері бойынша депутаттығына кандидаттарына және олардың сенімді өкілдеріне түсіндіру жұмыстары

2024 жылғы 5 наурызда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай аудандық мәслихатының №2 және №9 депутаттығына кандидаттармен бірмандаттық сайлау округінің кандидаттарымен және олардың сенім білдірілген адамдарымен кездесу өткізді.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 36 баптарына түсініктеме берді.

Үгіт-насихат іс-шаралары, оның ішінде әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс.

Бұл кездесуде,  мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлуге кепілдік беретіні атап өтілді. Кандидаттар «2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының  орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 1 наурыздағы №15/17 қаулысымен танысты.

Сонымен қатар, осы мәселе бойынша Қордай ауданы әкімі аппаратының есепші кандидаттарға үгіт-насихат шараларын өткізуге бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Үгіт-насихат кезеңінде және сайлау күні сенім білдірілген адамдардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы