Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті

2024 жылғы 1 наурызда Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтті.

Есеп беру кездесуге Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы Болатбеков, мәслихат төрағасы мен депутаттары, Қордай ауданы прокуратурасының аға прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округі әкімдері, жергілікті қауымдастық пен ардагерлер кеңесінің төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құраларының өкілдері және округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Кездесуге төрағалық еткен Қордай ауданының әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Сырлыбаев Асылбек Төреханұлына сөз беріп, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Сатымқұл Нұрболат Ақынғалиұлы сайлаушылар тізімін өзектендіру және сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселесі бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, Серғали Өмірзақұлы 2023 жылы өткен сайлау науқандары жайлы айтып, 2021 жылдан бастап облыс көлемінде ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өткізіліп жатқандығын, ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну барысында саяси партиялармен бірге жеке азаматтардың тарапынан өзін-өзі ұсыну белсенділігі едәуір артқандығын жеткізді.

№511 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Борисевич Елена Юрьевна және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әбдікерімұлы Әлімбет сұрақ қойып, оларға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов толық жауап берді.

Жиын соңында сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде жоғары белсенділік танытқан комиссия мүшелері Өміртай Балғын Сәбитқызы, Джинлиров Абдула мен «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газетінің Директор-Бас редакторы Сабанова Шолпан Талгатовна Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы