АУДАНДЫҚ
АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫ
ҚАУЛЫ
«29» желтоқсан 2022 жыл №04
Қордай аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Қордай аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №03 «Қордай аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 20 (жиырма) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Қордай аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Қордай аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Қордай аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық саяси газетке орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның орынбасары Ж.Дадабаева
Хатшы Г. Абишева