ПАРТИЯ АТЫНАН ӘКІМДІККЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҰСЫНУ

ПАРТИЯ АТЫНАН ӘКІМДІККЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҰСЫНУ

Сейсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай ауданық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда бір ғана мәселе, яғни «AMANAT» партиясының Қордай аудандық филиалының XXХVІІ кезектен тыс конференциясын шақыру туралы мәселе қаралды. Ол бойынша партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев хабарлама жасады.

Хабарламашы тамыз айының 28-інде аудандағы Жамбыл, Қарасай ауылдық округ әкімдеріне сайлау өтуіне байланысты «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының ХХХVІІ кезектен тыс конференциясын 2022 жылдың 2 тамызына шақырып отырғандығын және күн тәртібіне «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Жамбыл және Қарасай ауылдық округтерінің әкіміне үміткерлерді ұсыну туралы мәселе енгізілгенін жеткізді. Сондай-ақ, конференцияға 90 партия мүшесінен 1 делегат сайлау квотасы белгіленгенін айтты. Күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, ол бойынша тиісті қаулы қабылданды.