УАҚТЫЛЫ ЖӘНЕ САПАЛЫ

УАҚТЫЛЫ ЖӘНЕ САПАЛЫ

Бүгін аудан әкімі Мәден Мұсаев ауылдық округ әкімі Бақыт Сахатовпен бірге Қордай ауылының орталық саябағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Еске салайық, мұнда қайта жаңғырту жұмыстары жақында басталған болатын. Саябақтың келбетін өзгертіп, жаңа нысандар салу жоспарлануда. Айта кету керек, Қордай ауылдық округінде «Орталық» және «Емен» атты екі саябақ бар.

,,Ауданның жасыл аттракциондары жас ерекшелігіне қарамастан ауыл тұрғындарының сүйікті орны. Сондықтан мұнда әркім өз қызығушылығына сай хобби табуы керек. Дәл осы мақсаттар үшін орталық саябақтың келбетін түбегейлі өзгерту қажет болды,,-деді аудан әкімі.

Қордай ауылының әкімі Б.Сахатовтың айтуынша, алдағы уақытта бұл аумақта мәдени шаралар өтетін орынға айналатын үлкен сахна орнатылады. Қазіргі таңда бүкіл саябақтың қоршауы жаңартылып, сынған бордюрлер, жарық бағаналары, асфальт ауыстырылған.

Жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Мәден Тоқтарбайұлы кемшіліктерді айтып, тез арада жоюды тапсырды.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына барлық жағдай жасалуы керектігін атап өтті.

Ресми жөндеуден өткен саябақ ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде пайдалануға беріледі.