Құрылыс саласының мәселелері талқыланды

Құрылыс саласының мәселелері талқыланды

Жұма күні аудан әкімі Мәден Мұсаев жұмыс кеңесін өткізді, онда ауданды одан әрі дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. Басты тақырыптар-тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы, елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Мендекеевтің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қордай ауылында бірнеше көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталуға жақын, Қарасу ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жиында аудан әкімі салынып жатқан нысандардың сапасы мен қауіпсіздігіне назар аударды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Амантаевтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қайнар ауылында жаңа су құбыры салынуда. Қарасай батыр және Еңбек ауылдарын газдандыру бойынша мердігер анықталды. Отар-Гвардейск жолының құрылысы туралы айтылды. Отар және Кенен ауылдарында жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова Отар ауылындағы ауылдық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы айтып берді. Сондай-ақ, Сұлутөр және Беріктас ауылдарында ФАП құрылысы жүргізілуде.

Білім бөлімінің басшысы С.Әшірбековтың ақпараты бойынша Қордай, Отар және Степное ауылдарында үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. №38 ОМ қазандығы ауыстыруды қажет етеді. Арал ауылында мектеп салынуда.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі құрылыс сапасы мәселелерін бақылауға алуды тапсырды. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға қатысты.