Меню
Страницы
Аппарат акима
Контакты
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

Қордай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 75 қызмет көрсетіледі.

2021 жылдың ІІІ тоқсанында аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарымен «Е-Әкімдік», «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйелері арқылы барлығы 18 034 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтерге ішкі бақылау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

2021 жылдың бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, есепті мерзімде Қордай ауданы әкімдігінің ТҮКШ және АЖ бөлімі, Қордай, Ноғайбай, Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппараттарында ішкі бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері бойынша 5 бұзушылықтар анықталып, 4 ұсыныс әзірленді. Әзірленген ұсыныстар толығымен орындалды.

 

Қордай ауданы әкімі аппаратының бөлімдерімен келесідей мемлекеттік қызмет түрлері бойынша қызмет түрлері көрсетілді:

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны, барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:

 

  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру: жеке тұлғалармен – 85;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру: жеке тұлғалармен – 97;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру: жеке тұлғалармен – 57:
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою: жеке тұлғалармен – 129;

 

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде:

 

  • Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу "Еңбек нарығы" АЖ: жеке тұлғалармен – 1890;
  • Жұмыссыздарды тіркеу "Еңбек нарығы" АЖ: жеке тұлғалармен - 633;
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру "Еңбек нарығы" АЖ: жеке тұлғалармен – 957;

 

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде:www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде:

 

  • Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу "РАГС" АЖ: жеке тұлғалармен – 1;
  • Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу "РАГС" АЖ: жеке тұлғалармен – 12;
  • Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру "РАГС" АЖ: жеке тұлғалармен – 3;
  • Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу "РАГС" АЖ: жеке тұлғалармен – 113;
  • Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу "РАГС" АЖ: жеке тұлғалармен – 10;
  • Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу "РАГС" АЖ: жеке тұлғалармен – 353;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау "Е халық" АЖ: жеке тұлғалармен – 382;
  • Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау "Е халық" АЖ: жеке тұлғалармен – 14;
  • Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу "Е Собес" АЖ: жеке тұлғалармен – 4;

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулардың саны, барлығы, оның ішінде:

қағаз түрінде ұсынылған қызметтер бойынша – 4.

 

Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде жүргізілген насихаттау, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды (тұрғындармен жиналыс, жергілікті баспасөз беттерінде мақалар жарияланды (Instagram, facebook), бейнероликтер әлеуметтік желіде көрсетілді).

         Аудан әкімдігінің Gov.kz Қордай ауданы әкімдігі ресми сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары, қағидаларына сілтемелер, атқарылған жұмыстардың ақпараттары жүктелген. Қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты маман туралы ақпарат (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) жарияланған.https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/activities/directions?lang=kk

 

 

 

 

Дата публикации
12 октября 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК