
Алдағы әкімдер сайлауына дайындық аясында, 2026 жылғы 08 тамызда Қордай ауылындағы Ш.Мұртаза атындағы НМ-де Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлау үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету болды.
Іс-шараға N220, N221, N246, №247 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинар УСК мүшелерінің біліктілігін арттыруға және алдағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге дайындыққа бағытталды.
Семинар бағдарламасына сәйкес баяндамалармен сөз сөйледі:
Дауыс беру барысында туындайтын практикалық жағдайларға, сондай-ақ стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау алгоритміне байланысты кейстік сұрақтар талқыланды.
Содан соң сайлау заңнамасын білуге арналған тестілеу өткізілді, бұл қатысушылардың дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Семинар белсенді диалог форматында өтті, қатысушылар аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінен сұрақтар қойып, білікті жауаптар алды.
Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев семинар қорытындысын шығарып, алдағы сайлауға сайлау комиссияларының барлық мүшелерін сапалы дайындаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы