Әлжан ана ауылындағы жаңа сайлау учаскесі тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды

Әлжан ана ауылындағы жаңа сайлау учаскесі тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды

2026 жылғы 26 мамыр күні Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов Қордай ауданы аумағындағы Әлжан ана ауылында ашылатын жаңа сайлау учаскесінің дайындық жұмыстарымен танысты.

Іссапар барысында сайлаушылар санының артуына байланысты жаңа сайлау учаскесін ашу және ұйымдастыру жұмыстарының барысы, сонымен қатар, сайлау учаскесінің шекарасын өзгерту мәселелері де қаралып, тексерілді. Бұл өзгерістер тұрғындардың дауыс беру орындарына қолжетімділігін арттырып, сайлау процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Комиссия төрағасы халық саны артып келе жатқан елді мекендерде сайлау инфрақұрылымын жетілдіру маңызды екенін атап өтіп, жаңа учаскенің ашылуы тұрғындардың сайлау құқықтарын тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, сайлау процесінің ашықтығы мен ұйымдастыру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

Қазіргі уақытта жаңа сайлау учаскесін толық іске қосуға қажетті дайындық шаралары жүргізілуде. Учаске алдағы электоралдық науқандар кезінде жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін болады.

 

Қордай аудандық  аумақтық сайлау комиссия