Қордай ауданының тұрғындарына референдумда өз учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілді.

Қордай	 ауданының тұрғындарына референдумда өз учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілді.

Қордай ауданының тұрғындарына референдумда өз учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілді.

 Қордай аудландық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

 «Егер сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні туралы өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

 Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18.00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет.

 Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етеді. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.

 Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Бір елдімекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.

 Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді».

 Өз сайлау учаскеңізді біліңіз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/article/details/180975?directionId=_60616&lang=kk