Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы» тақырыбында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы»  тақырыбында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті

   2026 жылы 28 ақпанында Қордай аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының «Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы»  тақырыбында аумақтық және 58 учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті.

   Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық референдум комиссия мүшелері, Қордай аудандық референдум комиссия мүшелері, Қордай ауданы әкімі аппараты басшысы, аудандық прокуратура өкілі, аудандық полиция қызметінің басшысы, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері қатысты.

    Оқу-семинарының жоспарына сәйкес, «Республикалық референдум ұғымының негізгі аспектілері туралы», «Республикалық референдумды дайындау және өткізу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері туралы» және «Республикалық референдум өткізу кезінде  мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын  қамтамасыз етудің және хабардар етудің өзекті мәселелері туралы», «Референдумды өткізуде даярлық барысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етудегі онлайн-платформалар мен әлеуметтік желінің қолданысы туралы», «Әлеуметтік желідегі посттарға жедел әрекет ету алгоритмі», Оқу-семинарының жоспарына сәйкес, «Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт туралы» және «Республикалық референдум процесін даярлау мен өткізу барысында байқаушылар мен саяси партиялар және қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы», «Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi, тізімге енгізу және таныстыру тәртібі туралы», «Республикалық референдумды мемлекеттік қаржыландыру туралы», «Республикалық референдумды заң талаптарына сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету және жауапкершілік», «Республикалық референдум өткізудің принциптері туралы» және «Дауыс беру мен дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі туралы» туралы тақырыптарды баяндап, сұрақтарға жауап берді.

   Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін,  «Телешоу стиліндегі викториналық сұрақтар арқылы, Kahoot бағдарламасымен ойын жүргізіліп, көшбасшылар жедел сұрақтарға жуап берді.

   Семинар соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған тест алынып, сертификаттарды табыстады.

 

Қордай аудандық референдум комиссиясы