
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға байланысты Қордай ауданы әкімдігінде арнайы Call-орталық құрылды.
Референдумге байланысты ұйымдастырылған Call-орталықтың нөмірі: 8 (72636) 4-30-19.
Call-орталықтың жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Call-орталық арқылы сайлаушылар төмендегі мәселелер бойынша қажетті ақпарат ала алады:
– референдум өткізу күні, уақыты және тәртібі;
– референдум учаскесінің нөмірі мен орналасқан жері;
– сайлаушылар тізіміне енгізілуі туралы мәлімет;
– үйде дауыс беру тәртібі;
– референдумға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат;
– қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де түсіндірмелер.
Азаматтарды белсенділік танытып, өздеріне қатысты мәліметтерді алдын ала нақтылауға шақырамыз.