
2026 жылы 11 ақпанда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті.
Жас сайлаушылар клубының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы клуб мүшелерінің қатысуымен кеңінен талқыланды.
Отырыста жоспар жобасы таныстырылып, клубтың әрбір мүшесі өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Талқылау барысында жастар тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізіліп, құжатқа тиісті түзетулер мен толықтырулар жасалды.
Жетілдірілген жұмыс жоспары бірауыздан мақұлданып, бекітілді.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы