Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

      2026 жылғы 9 қаңтарда Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

   Жұмыс тобының отырысына Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғайтын, қолдайтын ауданның қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

     Отырысты аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Төреханұлы Сырлыбаев ашып, мүгедектігі бар тұлғалар үшін барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеу, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылатынын атап өтіп, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау процесіне толыққанды қатысуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты.

    Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың сайлауда сайлау және сайлану құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жанынан мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде екі жақты келісім жасалғанын айтып, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының бекітілген ережесімен және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бес жылға арналған Жол картасымен таныстырды.

     Келесі кезекте сөз кезегі қатысушалырдың пікірлері мен ұсыныстарына берілді.

    Мүгедектігі бар адамдардың сайлауда сайлау және сайлану құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары бекітілді.

 

Қордай ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы