ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылғы 5 ақпанда Тараз қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара Жамбыл облысы білім басқармасының мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жастар ресурстық орталығының өкілдері, Жас сайлаушылар клубының мүшелері, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Дүниежүзілік сайлау күнінің маңызы мен мақсаты, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің даму тарихы, соңғы жылдары жүргізілген электоралдық реформалар, сайлау процесінің ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сайлау мерекесіне орай, бірқатар мәселелерге тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 30 қаңтардан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мүшесі болып табылады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның барлық құрылтай құжаттарына, ең алдымен 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісіне және Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясына қол қойды, осылайша Қазақстан ұйым мүшесінің барлық міндеттемелерін қабылдады.

1999 жылы Алматы қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы  орталығы ресми түрде ашылды.

 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Венгрияның Сиофок қаласында    «Жиырма бес  мемлекеттен тұратын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы» бастамасымен сайлау ұйымдарының    Дүниежүзілік конференциясы өтті, оның шешімдерінің бірі  «Дүниежүзілік сайлау күнін» белгілеу болды.

         Міне, содан бері бұл мереке жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде аталып өтіледі.

Бұл күндері  дүние жүзінде сайлау саласында жаһандық  демократияны қолдауға, сайлау туралы білімді арттыруға  және сайлаушылардың сайлауға қатысуға жалпыға бірдей құқығы  мен бостандықтарын құрметтеумен  сайлау үрдерістерін жетілдіру мәселелері сарапталып  алда тұрған міндеттер айқындалады..

Ресми тарихи деректерге сүйенсек, адамзат тарихында алғашқы сайлау процестері ежелгі Рим мен ежелгі Грецияда орын алған деп айтады.

Себебі, демократия терминінің өзі осы елдерден шыққан.

Сайлау ежелгі Афинада, Римде императорларын таңдауда қолданылғанымен, қазіргі әлемдегі сайлау алғашқы болып 17 ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада өкілді үкіметтің біртіндеп пайда болуынан бастау алады.

Солай бола тұра, әр елдің сайлау жүйесі жеке дара жолмен дамыған. 

Сондықтан, кез-келген мемлекеттің функционалдылығы, ішкі және сыртқы саясатының дамығаны, яғни ондағы азаматтардың жүйелі өмірі, бостандығы мен өркениеттілігі осы Сайлау жүйесіне тікелей байланысты болған десек қателеспейміз.

Орта Азия елдері, оның ішінде қазақ даласында Хан сайлауы Алтын Орда дәуірінен өтіп, Патша үкіметіне дейін жалғасты.

Қазақ елінде хан сайлауы, кейін аға сұлтандар сайлауы, тіпті болыс сайлаулары да болды.

Ол дегеніміз, Дала демократиясы біздің тарихта ерте заманнан қалыптасып,нәтижиесінде бұқара халықтың таңдау жасау құқығы, сол кездегі билікке қол жетімділігі қамтамасыз етілді.

Ал, Кеңес дәуірінде, 1936 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жаңа Конституциясы қабылданып, онда мемлекеттің ең жоғары билігі – Жоғарғы Кеңес оның депутаттары жалпы халықтық, тең және жасырын дауыс беру арқылы сайланды.

Ал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1937 жылы өтті.

Бұл сайлау жүйесі Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін жұмыс істеп тұрды.

1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізіліп, онда жаңа Президент лауазымы бекітілді.

Президент жалпы халықтың емес, Жоғарғы Кеңестің депутаттары дауыс беруімен сайланатын болды.

Осы жылдың 24 сәуірінде алғашқы Президенттік сайлау өтті.

Республикамыздың сайлау жүйесі одан кейін 1995 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған ҚР Конституциясымен нақты бекітілді.

Ата Заңымызда Президент және Парламент сайлауы барша халықтың дауысымен сайланатыны белгіленді.

Сөйтіп, елімізде жалпыхалықтық Президент сайлауы (1991, 1999, 2005, 2011, 2015, 2019 және 2022 жылдары) 7 рет өтсе, 4 рет Референдумдар өткізілді (1995-2рет ,2022, 2024).

Елімізде Сайлау үрдерістерін жетілдіру  мақсатында соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүріп жатқан саяси рефомалар барысында:        

Бірінші: Саяси партияларды институтционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалынды. Партияларды тіркеу едәуір жеңілдетілді.  (тіркеу шегі 4-есеге—20 мыңнан 5-мың адамға азайтылды,өңірдегі өкілдер саны 6+00-ден 200 адамға төмендетілді. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-адамнан 700 адамға азайтылды.)

 

Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырды.

 

Бүгінде саяси партиялар Парламенттегі өз өкілдері арқылы аймақтардағы қордаланған проблемаларды Парламент, Үкімет алдына қоя отырып,тиімді шешімдер қабылдануына ықпал етуде

Екінші: Қазақстан Республикасының Президентін конститутциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқы  негізінде  сайлаушылардың  жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланатындығы және ол тұлға бір  реттен артық  Республика  Президенті  болып сайлана  алмайтындығы айқындалды.   ( ҚРК 41-бабының 1–ші тармағы,42-баптың 5-ші тармағы).

 

Үшінші: Сайлау--аралас сайлау яғни пропорционалды-можоритарлы жүйеге көшірілді. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен сайлану енгізілді.

Аралас сайлау жұйесі республикалық маңызы бар қалалармен облыстық маслихаттар сайлауына да енгізілді.  (50/50).

Сонымен қатар заң талаптарына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлген кезде сайлаушылардың үш санат өкілдерінің: әйелдер, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауы қамтамасыз етілуі қарастырылды.

 

2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісі және барлық денгейдегі мәслихаттар депутаттары толықтай заңда қабылданған жүйемен сайланды.       

Сондай-ақ, аудандар мен қалала маслихат депутаттарының  сайлауы толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси ортаны қалыптастыра отырып, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашты.

          

Жалпы, 2021 жылдан бастап есептік мерзімге дейін облыстың 156 округінде облыс көлемінде  226 аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өтті.

 

Кандидаттарды ұсыну барысында саяси партиялармен бірге жеке азаматтардың тарапынан өзін-өзі ұсыну  белсенділігі  едәуір артты. Бұның айғағы, жоғарыда айтылған округтерде 904 ауыл әкіміне кандидаттықа үміткердің  өтініштері тіркелген.

 

Облыс көлемінде  сайлау өтетін округтердегі сайлаушылардың  бір пайыз қолдауына ие болып кандидаттыққа үміткер ретінде  678 адам өзін-өзі ұсынған, олардың ішінде 53 азамат  ауыл әкімдері болып сайланды немесе жалпы сайланған әкімдердің 23,4 пайызын құрады.    

 

2022 жылы алғаш рет Жуалы және Т. Рысқұлов аудандары әкімдерінің  пилоттық режимде сайлауы өтті.

   Бұл сайлауда да саяси партиялар мен жеке азаматтардың тарапынан өзін-өзі ұсыну  белсенділігі жоғары болды.

 

Жалпы бұл үрдіс, қоғамды демократияландыру барысында азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға, мемлекетті басқару ісіне қатысуына, сайлауды әділ және ашық өткізуге  және сайлаушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға   ықпалын тигізуде.

Бесінші:  2018 жылғы 29 маусымда сайлаушылар болып табылатын мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтыру енгізіліп, осы топтағы сайлаушылардың еркіне қарай, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруіне сайлау учаскелерін барынша қолайлы етіп жасақтау керектігі   айқындалған.

Бүгінгі күні, облыстағы барлық 513 сайлау учаскелері заң талаптарына  сәйкестендірілген.

Бұл учаскелердің барлығында мүгедектігі бар адамдардың учаскеге келіп дауыс беруіне толықтай жағдай жасалынған.

Біз өткен жылы сайлаушыларды сайлауға шақыру қағаздарына алғаш рет мүгедектігі бар адамдарға арналған ақпарат қамтылған қосымша QR – код енгіздік.

Бұл QR – кодты сканерлеу арқылы мүгедектігі бар азаматтарға келесідей ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады:

-        Жасанды интелелкттің көмегімен дайындалған аудиожазбада көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға сайлау өтетін округ атауы, дауыс беру күні, уақыты және дауыс беру тәртібі туралы ақпарат алуға;

Тіркелген кандидаттар туралы ақпараттың аудионұсқасымен танысуға;

«Қолжетімділік интерактивті картасы» арқылы сайлау учаскесінің қолжетімділігі туралы алдын ала ақпарат алуға;

Call-орталығына байланысу мүмкіндігі туралы;

Инватакси, сурдоаудармашы қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат алуға;

Дауыс беру тәртібі туралы инфографикалық ақпаратпен танысуға;

Сайлау учаскесінен тыс жерде (үйден) дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтініш үлгісін алуға мүмкіндік алып отыр.

Өткен жылы ҚР ОСК мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімнің нәтижиесінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде Жол картасы бекітілді.

Бүгінгі күні  облыстағы 719 сайлау комиссияларында 46З1 комиссия мүшелері 727 мыңға жуық сайлаушылармен жұмыс істеуде жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің мүмкіндіктерін пайдалануда.   

         Мысалы, бұрын сайлаушыларды сайлау туралы ақпараттандыру және дауыс беруге шақыру екі жақты мемерандумның негізінде БАҚ арқылы жүргізілген  болса, соңғы жылдары осы саланы трансформациялау барысында әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдалана отырып, ақпараттандыру саласына бірқатар жаңа  форматтар енгізілді.

         Ол, ұялы байланыс операторларымен  таратылған СМС хабарламалар арқылы және әрбір сайлаушыға  жеке-жеке шақыру  қағаздарын тарату  арқылы  сайлаушыға сайлау туралы ақпарат беру..        

         Мұндағы  бір ерекшелік,  сайлаушыға берілетін шақыру қағазы арқылы сайлаушы сайлау учаскесінің мекен жайын, дауыс беру уақтысын және енгізілген QR-кодты сканерлеу арқылы кандидаттар туралы тиісті ақпарат алып, өзінің таңдауын жасауына толық мүмкіндік алуда.          Сол сияқты сайлау комиссиялары сайлау процессін даярлау барысындағы жұмыстарын әлеументтік желілерге  жариялау арқылы желіні тұтынушыларға сайлау туралы ақпараттар беруде. Сонымен қатар, сайлауға дейін сайлаушылардың тізімін нақтылау шаралары әкімдіктерде құрылған  Call -орталықтарда және дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиялары мен Egov порталындағы  онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың дауыс беруіне жағдайлар жасалуда.

         Сайлаудың ашықтығымен заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып  өткізілуін қамтамасыз ету  мақсатында заң талаптарына сәйкес шетелдік және жергілікті қоғамдық ұйымдармен саяси партиялардың және кандидаттардың сенімді өкілдеріне  сайлау процессін  байқауға басымдықтар  берілді. 

Сайлау науқаны бүкіл еліміз бойынша үздіксіз үдеріске айналуына байланысты 2023 жылдың қаңтарынан бастап облыстық аумақтық сайлау комиссиясының барлық жеті мүшесі, ал, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының үш мүшесі яғни, төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары кәсіби тұрақты негізде жұмыс жасауда.

         ҚР Орталық сайлау комиссиясының және облыстық сайлау комиссиясының  ұйымдастыруымен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру бағытында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдымен комиссия мүшелерінің сайлау жүйесіндегі білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған кезеңдік оқытулар, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар және т.б ісшаралары ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараларда сайлау процесін ұйымдастырушыларға сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуіне және оның ашықтығын қамтамасыз етуге басымдықтар берілді.

         Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы барлық денгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі едәуір жоғарылады деп айтуға негіз бар.. Оның айғағы,  өткен бес  жылда, сайлау  комиссияларының сайлауды  заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып  өткізуі болып табылады.        Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың барысында жастардың саяси өмірге араласу маңыздылығын атап өткім келеді.

Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші, еліміздің дамуы үшін жауапты тұлғалары деп білеміз.

Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.

Олар облыстың саяси өміріне белсене араласып, мейлінше өз үлестерін қосуда.

         Мысалы, облыстағы мәслихаттарға сайланған 210 депутаттардың 23-і (11%) жастар болса, облыстағы барлығы 151 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл әкімдерінің ішінде 30-ы жастар (20%).

         Бұл бағытта, олдардың қоғамдағы рөлі мен олардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында өткен жылы облыста «Жас сайлаушылар» клубтары құрылып өз жұмыстарын бастап кетті. Облыс аумақтарында құрылған жас сайлаушылар клубтары  жас сайлаушылардың  құқықтық мәдениетін қалыптастыруда диалог пен практикалық алаң ретінде қызмет атқарып, жастар тарапынан қолдау табуда.   

         Оның айғағы ретінде облыстық, қалалық және аудандарда өткен жас сайлаушылар клубтарының форумын айтуға болады. Форумда жастар сайлау жүйесі туралы кең ауқымды ақпарат алып қана қоймай, пікірталастарға қатысып, өз сауалдары мен ұсыныстарын ортаға салды.

         Сайлаушылар күн қарсаңында облыс бойынша 60 -қа жуық іс-шаралар ұйымдастырылып оған 2000 аса жастар қатысып сайлауға деген қызығушылықтарын танытуда. Жастар жасанды интелектіні сайлау жүйесіне енгізу,  электораттық оқыту саласында жаңа форматтарды енгізу сияқты бірқатар ұсыныстар беуде.

Бұл жастардың саясатқа қатысуына ынталы екендігін көрсетеді. 

         Сондықтан, жастардың электоралдық білімін арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын жетілдіруде өз тарапымыздан үнемі қолдау көрсететін боламыз.

         Жалпы, елімізде сайлау жүйесі құрылғалы бері, сайлау комиссиялары мемлекеттік биліктің заңды институттарын қалыптастыруға тікелей қатыса отырып, елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруда өз үлестерін қосуда. 

         Көптеген беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі ретінде Қазақстан еркін және бәсекелес сайлау өткізу бойынша өзінің барлық    міндеттемелерін орындап келеді. Біздің еліміздегі барлық сайлау науқандары  ұлттық заңнамаға және демократиялық сайлаудың жалпы танылған қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда.

         Жалпы, халықаралық тәжірибиеде сайлауды ұйымдастыру жүйесі ұдайы өзгеріп отыратындығы белгілі.

         Осыған орай, биылғы жылы еліміздің  басқару жүйесін жаңа институтцоналды денгейге көтеру мақсатында  басқару жүйесін жетілдіре отырып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық өсімді ынталандыру, қазақстандық біртектілікті нығайтып, Күшті Президент, ықпалды—Парламент «Құрылтай», есеп беретін Үкімет  және елімізде  мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын «Халық кеңесін» құру сияқты кешенді мақсаттарды іс жүзіне асыру барысында еліміз түбегейлі жаңа конститутциялық модельге қадам басып отыр.

         Бір сөзбен айтқанда  еліміз мемлекет құрудың жаңа кезеңіне көшкелі отыр. Бұндай либералды бастаманы Конститутцияның жобасын талқылау барысында халықаралық саяси ұйымдарымен Қазақстан халқы қолдауда.              

Елімізде мемлекет құрудың жаңа кезеңінде, сайлау комиссиялары өз өкілеттік шеңберінде заң талаптарына сәйкес қызметтерін атқаратын болады».

Сонымен қатар, кездесуде Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, жастардың сайлауға қатысу белсенділігіне тоқталды.

«Жастар – қоғамның ең белсенді әрі жаңашыл бөлігі болғандықтан, олардың саяси процестерге қатысуы елдің болашағына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, саяси мәдениетті қалыптастыру, олардың азаматтық ұстанымын нығайту мақсатында түрлі ақпараттық-танымдық жобалар мен қоғамдық бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жастардың сайлауға қызығушылығын арттырып, олардың дауыс беру процесіне саналы түрде қатысуына мүмкіндік береді» деді өз сөзінде.

«Phoenix» адам құқықтары жөніндегі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балжан Абдуллаева бүгінгі күнгі сайлау науқандары кезеңдерінде қоғамдық бірлестіктердің атқаратын рөліне кеңінен тоқталды. Ол азаматтық қоғам институттары ретінде қоғамдық бірлестіктердің сайлау процесінің ашық, әділ және заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын атап өтті.

Өз сөзінде Балжан Абдуллаева сайлау барысындағы байқаушылардың рөліне ерекше мән беріп, олардың дауыс беру үдерісінің барлық кезеңінде заңдылықтың сақталуын бақылауға, мүмкін болатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға және сайлаушылардың құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосатынын жеткізді. Байқаушылардың белсенді қатысуы сайлау процесіне деген қоғамдық сенімді арттырып, демократиялық қағидаттардың нығаюына ықпал ететінін атап өтті.

         Келесі сөз Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ерасыл Бердіге берілді.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайлау – әрбір азаматтың негізгі саяси құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі болып табылады. Мемлекеттің демократиялық дамуы, құқықтық жүйенің нығаюы және қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы азаматтардың сайлау процесіне белсенді қатысуымен тікелей байланысты.

Қазіргі қоғамда жастар – ел дамуының басты қозғаушы күші. Жас ұрпақтың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігі мемлекет болашағының берік негізін қалайды. Осы орайда, сайлауға қатысу – жас азаматтардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде араласатынын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Сайлау процесіне қатысу арқылы жас сайлаушылар мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілуіне өз үлестерін қоса алады. Әрбір берілген дауыс – заңды, ашық және әділ қоғам құру жолындағы нақты қадам.

Жастардың сайлаудағы белсенділігі азаматтық қоғамның қалыптасуына, демократиялық құндылықтардың орнығуына және елдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Сондықтан сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, сонымен қатар ел болашағы үшін қабылданған жауапты шешім.

Сіздерді Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға, сайлау процесіне саналы түрде қатысуға, өз азаматтық ұстанымдарыңызды жауапкершілікпен білдіруге шақырамыз.

Әрбір дауыс маңызды.

Әрбір таңдау – ел болашағы.

Белсенді азамат – қуатты мемлекет негізі» деді.

         Жиын соңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов жастар – ел болашағының негізгі қозғаушы күші екенін ерекше атап өтті.

Бүгінде облыс мәслихаттарындағы және жергілікті атқарушы органдардағы жастардың үлесі артып келетінін, осы бағытта құрылған «Жас сайлаушылар» клубтары жастардың электоралдық білімін арттыруға және саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп жатқанын айта келе, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» мүшелеріне арнайы куәлік пен төсбелгі табыстады.

Кездесу қорытындысында қатысушылар тарапынан пікір алмасу жүргізіліп, сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды. Іс-шара жалпыға ортақ естелік суретке түсумен аяқталды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы