
2026 жылғы 05 ақпанда №1 Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай, Қордай аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы білім беру ұйымдарының 10–11 сынып оқушылары арасында «Сайлау: шебері» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шараға аудан орталығындағы №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп, М.Х.Дулати атындағы орта мектеп, №3 А.Құнанбаев атындағы орта мектеп және №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Ойын барысында оқушылардың құқықтық және азаматтық білімдерін арттыру мақсатында «Kahoot» платформасы арқылы сұрақ-жауап кезеңі, кейсік тапсырмалар, сондай-ақ «Жалған түсінік немесе шындық» форматындағы интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар сайлау процесіне қатысты білімдерін көрсетіп, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, олардың сайлау институтына деген көзқарастары мен түсінік деңгейлері зерделенді. Сауалнама нәтижелері жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған алдағы жұмыстарға негіз болмақ.
Іс-шара қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы ОМ оқушылары І орынға, №3 Абай Құнанбаев атындағы ОМ оқушылары ІІ орынға және №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің оқушылары ІІІ орынға иеленіп, мадақтама, кубок және сый-сияпаттармен марапатталды. Ал ойынға белсене қатысқан командаларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
Аталған іс-шара жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық белсенділігін нығайтуға бағытталды.
Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы