«Ашық сайлау – қоғам сенімінің негізі»: Қордай ауылының мектеп оқушыларымен кездесу

«Ашық сайлау – қоғам сенімінің негізі»: Қордай ауылының мектеп оқушыларымен кездесу

     2026 жылғы 29 қаңтарда Қордай ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 10–11 сынып оқушыларымен «Ашық-сайлау, қоғам сенімінің негізі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев және «Береке» гуманитарлық техникалық колледжінің студенті, студенттік «Парламент» ұйымының президенті А.Құлпыбай қатысып, оқушыларға ашық және сенімді сайлау жүйесінің маңыздылығы туралы ақпарат берді.

    Кездесудің мақсаты- оқушыларға ашық және сенімді сайлау жүйесінің маңыздылығын түсіндіру, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және қоғам сенімін қалыптастыру арқылы жастардың сайлау процесіне қатысу мәдениетін қалыптастыру.

    Кездесу барысында оқушылар арасында сұрақ-жауап жүргізіліп, олардың пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар қатысушылар арасында сауалнама өткізіліп, сайлауға деген көзқарастар мен түсініктер жинақталды.

     Іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және сайлау процесіне қатысу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы