Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімі «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Qorgan» жобасын жүзеге асыру шеңберінде аудандағы иесіз, бос тұрған көп қабатты ғимараттарды жан-жақты зерделеу жұмыстарын ұйымдастырды.

 Бұл іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындар мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда заңға бағыну мәдениетін нығайту болып табылады.

Зерделеу барысында ғимараттардың физикалық жағдайы, қауіпсіздік шараларының қолайлылығы және қауіптілік факторлары бағаланды. Сонымен қатар, мамандар мен полицейлер аудандағы бос ғимараттарға жасалған балончиктармен жазылған граффити суреттерін тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шара ғимараттардың сыртқы келбетін қалпына келтіріп қана қоймай, жастардың құқыққа бағыну мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етті.

«Qorgan» жобасының жүзеге асуы аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, құқық бұзушылыққа бейім ортадағы ықтимал тәуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ жастар арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға маңызды үлес қосады.