«Заң және тәртіп» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп «Түнгі тәртіп – жасөспірім қауіпсіздігі» тақырыбында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырды

«Заң және тәртіп» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп «Түнгі тәртіп – жасөспірім қауіпсіздігі» тақырыбында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырды

 


Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, әсіресе кәмелетке толмағандар мен жастар арасында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ түнгі уақытта азаматтардың қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

Рейдтік іс-шара барысында аудан аумағындағы қоғамдық орындар, демалыс саябақтары, ойын-сауық мекемелері мен жастар жиі жиналатын орындар қамтылды. Тексеру кезінде түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге ерекше назар аударылып, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау және жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Аталған түнгі рейдтік іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жастар арасында тәртіп пен жауапкершілік деңгейін көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да осы бағыттағы бірлескен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.