
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті
2026 жылы 13 қаңтарында Қордай ауылының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп ғимаратында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өтті.
Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссия төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Абылқайыр Асқарұлы Боранбаев, Қордай аудандық сайлау комиссия мүшелері және №234, №235, №236, №237, №238, №239, №240, №241, №474, №512, №513 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Оқу-семинарының жоспарына сәйкес «Сайлау күні сайлаушыларды тізімге енгізу және сайлаушылардың құқығы», «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі» және «Дауыс беру күні және дауыс беру күні алдындағы учаскелік сайлау комиссиясының жұмысы» тақырыптарында Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Э.Күмекбай сөз сөйледі.
Келесі дәріскер, Қордай аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы» және «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы» тақырыптары бойынша түсіндірді.
Әр тақырып бойынша Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қосымша пікір білдіріп, қорытындылады.
Әр тақырыпты бекіту бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне кейстік және ситуациялық сұрақтар қойып, жауап алынды.
Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін, семинар соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынды.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы