Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы негізгі аспектілер» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының  «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы негізгі аспектілер» тақырыбында  учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар

2025 жылы 22 қазанда Қордай аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысындағы негізгі аспектілер» тақырыбында 58 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті.

  Оқыту-семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, Қордай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, аудандық прокуратура және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-тренингтің мақсаты – сайлауды ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.

Оқу-семинардың бірінші бөліміне сәйкес, комиссия мүшелері топтарға бөлініп, топ басшыларын тағайындады. Телешоу стиліндегі викторина ойыны ойнатылып, әр топ ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады.

         Оқу-семинарының екінші бөліміне сәйкес, Жамбыл облыстық  аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері түрлі тақырыптарда дәріс оқыды.

Жамбыл облыстық  аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Боранбаев «Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері» тақырыбында, ЖО АСК мүшесі М.Амангелді «Сайлау науқандарын өткізу: сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу, үгіт, ұлттық байқау мәселелері, әлеуметтік желілерді, әкімшілендіру» тақырыбында, ЖО АСК мүшесі М.Сембеков «Сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі:  алдыңғы науқандарды өткізудің кейбір мәселелер, дағдарысқа қарсы коммуникациялар, кейстік жағдаяттарды шешу» тақырыбында, ЖО АСК төрағасының орынбасары Т.Жамалов «Мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру» тақырыбы бойынша және ЖО АСК мүшесі Е.Жапаров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңында және өзге де заңдарда қаралған жауапкершіліктер» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Сонымен қатар, семинар-тренингте учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерімен түрлі бағытта кейстік тапсырмалар талқыланды.

Әр тақырып бойынша Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қосымша пікір білдіріп, қорытындылады.

Семинар тақырыптары бойынша дәріс оқылғаннан кейін, семинар соңында оқылған тақырыптарды бекітуге арналған қорытынды тест алынып, сертификаттарды табыстады.

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы