Мектеп президентін сайлау: құқықтық сауаттылық пен белсенді азаматтық ұстаным үлгісі

Мектеп президентін сайлау: құқықтық сауаттылық пен белсенді азаматтық ұстаным үлгісі

Мектеп президентін сайлау: құқықтық сауаттылық пен белсенді азаматтық ұстаным үлгісі

 

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Мектеп президентін сайлау» атты іскерлік ойын өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту және демократиялық сайлау үдерісімен таныстыру болды.

Іскерлік ойын барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, дауыс беру және дауыс санау кезеңдері өткізілді. Оқушылар сайлау процесінің барлық кезеңдеріне белсене қатысып, нағыз демократиялық сайлау үлгісін көрсетті.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

 

Қордай аудандық аумақтақ сайлау комиссиясы